Жамбыл облысында кісі өлтірмек болған күдікті ұсталды

22 қараша 2023 21:09 / Новости Казахстана

Жамбылдық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы  аясында «Қайнар-Шу» республикалық маңызы бар автожолы бойынан «Ауди 100» маркалы автокөлігін жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көлікті тексергенде Алматы қаласынан Шу қаласына бағыт алған көліктің артқы орнында отырған жолаушы 20 қарашада Алматы қаласында ҚР ҚК 24-бабының 3- бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша көзделген қылмыс жасады деп күдікті болып танылған Тараздың 21 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Күдікті Алматы қаласынан қылмыстық қудалау органына берілді.

 

Серіктес жаңалықтары