Жамбыл облысының есірткі қылмысына қарсы бөлімше бастықтары қамауға алынды

10 сәуір 2024 15:54 / Новости Казахстана

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөліміне қарасты бөлімше бастықтарына қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі, ресми өкіл Данияр Бигайдаров мәлім етті деп жазады Kazinform агенттігі.

«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімі бөлімшелерінің бастықтарына қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар Шу ауданының тұрғынынан есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін алдау арқылы 1 550 000 теңге сомасында ақша алу күдігіне ілінді», - деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Аталған лауазымды тұлғалар ұсталып, Тараз қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары