Жамбыл облысының көкпаршылары жеңімпаз атанды
Қызылорда қаласында көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті. Біріншілік барысында Жамбыл облысының құрамасы жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
20-27 сәуір аралығында өткен ел біріншілігіне 16 облыстан 200-ге жуық көкпаршы келді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Аса тартысты, қызықты өткен жарыс нәтижесінде Жамбыл облысының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орын Алматы облысына бұйырса, үздік үштікті Түркістан және Қостанай облысы түйіндеді.
Үздік қорғаушы, шабуылшы, ойыншы, сәйгүлік анықталды. Сондай-ақ, жеңіске деген жігері үшін құрамалар марапатталды. Оған қоса үздік төрешіге құрмет көрсетілді. Олардың барлығына ақшалай сый-сияпат көрсетілді.
Республикалық Көкпар федерациясы президенті Бауыржан Исабаев Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшылығына, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.