Жаңа жыл түнінде Қазақстанда 101 ұл, 90 қыз бала дүниеге келді

1 қаңтар 2024 18:52 / Новости Казахстана

Жаңа жыл қарсаңында республика перзентханаларында 191 сәби, 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мереке түнінде туған нәрестенің ең көбі Түркістан облысында тіркелді — 38 бала, екінші орындағы Шымкент қаласында 23 бала дүниеге келді.

Алматыда 22 ерлі-зайыпты отбасының жаңа мүшесі өмірге келгенін сүйіншіледі.

Республика астанасында Жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүние есігін ашты. 

 

Серіктес жаңалықтары