Зейнет: Академиктерге өмір бойы 221,5 мың теңгеден стипендия төленеді

19 шілде 2024 16:48 / Новости Казахстана

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық ғылым академиясының зейнет жасындағы академиктеріне өмір бойына ай сайын төленетін стипендияның мөлшерін белгілеу және төлеу қағидаларын реттейтін қаулы жобасын көпшілік талқылауына шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгілесін және оны төлеу қағидалары бекітілсін», - деп жазылған қаулы жобасында, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Стипендия алуға үміткер академик Ұлттық ғылым академиясына мына құжаттарды өткізу керек:

1) еркін нысанда стипендияны төлеуге өтініш;2) ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);3) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);4) екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банк анықтамасы.

Стипендия төлеу мынандай жағдайларда тоқталады:1) ҰҒА академигі қайтыс болса (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);2) ҰҒА академигі хабар-ошарсыз кетсе немесе қайтыс болды деп жарияланса;3) ҰҒА құрамынан шығарылса (ҰҒА төралқасы отырысының хаттамасынан үзінді);4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылса.

Қаулы биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Ұлттық ғылым академиясының ресми сайтындағы мәлімет бойынша, ҰҒА құрамындағы 252 мүшенің 163-і академик, 89-ы корреспондент-мүше, 16-сы шетелдік және 94-і құрметті мүше, 41-і ұжымдық мүше, 6 -ауы — профессор.

Серіктес жаңалықтары