Жемқорлықпен ұсталғандар мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды

13 қараша 2023 17:26 / Новости Казахстана

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған ережелер қарастырылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы аталған құжатты Мәжілісте таныстыру кезінде Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл айтты.

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарының қатарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзу әрекеттеріне, мүдделер қақтығысына жол бермеу қосылды. Осы ретте, әлеуетті өнім беруші, оның басшысы немесе құрылтайшылары бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, онда мемелекеттік сатып алуларға қатыса алмайды», - деді Д. Кеңбейіл.

Заң жобасы аясында сатып алу процесін реттеуді оңайлату және бюрократиядан арылту мақсатында шағымдарды қараудың жаңа тетігін енгізу, сондай-ақ бақылаушы органның рөлін қайта қарау ұсынылып отыр. 

Серіктес жаңалықтары