Жетісу облысында 20 миллионыншы болып туған баланың есімі — Айсұлтан

16 қараша 2023 13:59 / Новости Казахстана

Бүгін еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Атаулы сәтпен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бірнеше облыста кіндігі кесілген сәбилердің қатарында талдықорғандық бөбек те бар.

14 қараша күні таңғы сағат 08:00 шамасында жарық дүние есігін ашқан сәби еліміздің 20 миллионыншы тұрғынының бірі болды. Сәбиге Айсұлтан деген есім берілді. Кішкентай Айсұлтан Әзімбаевтар әулетіндегі 4-бала екен.

«Сабденбай Айсұлтан Мұхтарұлы 14 қарашада, таңғы 8-дер шамасында дүниеге келді. Отбасындағы 4-бала. Анасы Әзімбаева Диана Талғатқызы 1996 жылы туған. Ал Әкесі Әзімбаев Мұхтар Сабденұлы 1989 жылғы. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады. 3 келі, 50 сантиметр болып дүниеге есігін ашқан батырдың бүгін жағдайы жақсы», - деді Талдықорғандағы облыстық перзентхананың бас дәрігері Қанат Қалиханұлы.

Серіктес жаңалықтары