Жетісу облысында жоғалған малшы табылды

17 ақпан 2024 10:00 / Новости Казахстана

Жетісу облысында жоғалған малшы вагон ішінен табылды. Алакөл ауданы Бұлақты ауылының маңында 1959 жылы туған Қытай халық Республикасы азаматын іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Ол сағат 05:00-де мал жаюға шығып, жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері дереу шықты. Сағат 17:35-те малшы Бұлақты ауылының маңында орналасқан теміржолдың рельстерінде тұрған вагонның ішінен табылды. Азаматтың қолы мен аяғы үсіп қалған. Полиция қызметкерлері күштерімен Үшарал қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», - облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары