Жүкті әйел перзентханаға жете алмай, қар құрсауында қалып қойған

13 наурыз 2024 11:00 / Новости Казахстана

Ақтөбелік құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға жеткізді. Құтқарушыларға Мұғалжар ауданының Қаракөл ауылынан хабар түскен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Онда жүкті әйелдің Мұғалжар орталық аудандық ауруханасына бара алмай жатқаны, көлік қар құрсауында қалып қойғаны айтылған. Ішінде Мұғалжар ауданы № 8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Алматы Мұратжанұлы, жүргізуші Азат Жамбылұлы, Мұғалжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Нұрбек Тілегенұлы бар бір топ құтқарушы оқиға орнына шұғыл аттанды.

Олар аяғы ауыр әйелді Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына аман-есен жеткізді.

Серіктес жаңалықтары