Жылу беру жүйесіне тарифтер өзгеруі мүмкін - Алмасадам Сәтқалиев

3 сәуір 2024 14:49 / Новости Казахстана

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу беру жүйесінде тарифтерді көтеру қажет екенін айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда жылу электр орталықтарын жөндеуге 380 млрд теңге қарастырылған. Соның ішінде 361 млрд теңгесі тарифтер мен аталған станциялар иелерінің қаражаты есебінен бағытталады. Қалған 20 млрд теңге Үкімет резервінен бөлінбек, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бұл мәселе кәсіпорындардың өтініштеріне байланысты, яғни саладағы компаниялардан өтініштер пулы қалыптасқан кезде, біз тиісті жауап береміз. Қазір Энергетика министрлігіне мұндай өтініштер түскен жоқ. Баға белгілеу принципіне тоқталсақ, біз алдымен өтінімдерді жинақтап, берілген өтінімдердің сәйкестігіне тиісті талдау жүргізіп, содан кейін тиісті қорытындыны жасаймыз. Жылумен жабдықтау қызметі жайында айтсақ, тарифті көтеру керек. Бірақ оның деңгейі әрбір жеке кәсіпорынға байланысты болады. Жалпы, жылу электр орталықтарының тозуы шамамен 70 пайызға жеткен. Осыған бұл қомақты инвестиция қажет. Сондықтан тарифтің өсуі пысықталуы мүмкін. Қазақстан азаматтары үшін тарифтердің күрт өсуі болмайды, яғни елеулі түрде шарықтамайды. Өсім Ұлттық экономика министрлігі белгілеген инфляциялық дәліз аясында жүзеге асырылады», - деді А.Сәтқалиев.

 

Серіктес жаңалықтары