Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

БАҚ: Хезболла ұшқышсыз ұшақтары Израильдің солтүстігіне шабуыл жасады
14 қазан 2024 / Мир

БАҚ: Хезболла ұшқышсыз ұшақтары Израильдің солтүстігіне шабуыл жасады

БАҚ: Хезболла ұшқышсыз ұшақтары Израильдің солтүстігіне шабуыл жасады. Израильдің солтүстігіндегі Биньямин Гиват Ада ауылы маңындағы нысанға ұшқышсыз ұшақпен жасалған шабуылда 40-қа жуық адам жарақат алды. Зардап шеккендер оқиға орнынан тікұшақпен жеткізілді, олардың кем дегенде үшеуінің жағдайы ауыр. 

Тұқым қуалайтын аурулар бойынша құзырет орталықтары құрылады
14 қазан 2024 / Новости Казахстана

Тұқым қуалайтын аурулар бойынша құзырет орталықтары құрылады

Қазақстандағы ересек халыққа неврологиялық көмек көрсету стандартының жобасы әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген құжат Ашық НҚА порталында орналастырылды. Стандарт жобасында негізгі және екінші профилактика, жүйке жүйесі ауруларын емдеу, барлық кезеңінде сабақтастықты сақтау бойынша іс-шараларды жүргізу бөлігінде ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары жаңартылды. 

Герхард Рихтер тағы да әлемдегі ең көп сұранысқа ие суретші атанды
14 қазан 2024 / Мир

Герхард Рихтер тағы да әлемдегі ең көп сұранысқа ие суретші атанды

Герхард Рихтер тағы да әлемдегі ең көп сұранысқа ие суретші атанды. Неміс суретшісі Capital саяси-экономикалық журналы жариялайтын әлемдегі ең көп сұранысқа ие заманауи суретшілердің жыл сайынғы «Art Compass» (Kunstkompass) рейтингінде көш бастады. Бір қызығы, Рихтер бұл орынды 21 жыл бойы ұстап тұр. 

Өңірлерде пәтерді жалға алу бағасы қанша
14 қазан 2024 / Новости Казахстана

Өңірлерде пәтерді жалға алу бағасы қанша

Еліміздегі 20 млн-нан астам адамның тек 9,5 млн-ында өз үйі бар. Сондықтанда пәтер жалдау бағасы Қазақстан азаматтарының тең жартысынан астамы үшін өзекті сауал. Әр өңірде пәтерді қаншаға жалға алуға болады? Ұлттық статистика басқармасының мәліметіне сүйенсек, қыркүйек айында ел бойынша жалға берілетін тұрғын үйдің орташа бағасы 1,5%-ға қымбаттады. Баға әсіресе Өскемен мен Қарағандыда күрт өскен. Бұл екі аймақта пәтер жалдау бағасы 5 пайызға қымбаттап отыр. Үшінші орынға Көкшетау қаласы (4,8%) орын тепкен. Сондай-ақ Талдықорған қаласында да пәтер жалдайтындардың қалтасына түсер салмақ біршама ауырлаған (4,2%). 

Семейде шақалақты қоқысқа тастап, өртеп жіберген
14 қазан 2024 / Новости Казахстана

Семейде шақалақты қоқысқа тастап, өртеп жіберген

Семей қаласында жаңа туған шақалақты қоқысқа тастап өртеп жіберген. Денесінің 80 пайызы жанып кеткен шақалақ ауруханада қаза болды. Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні іздестіріп жатыр. 

Шахтинск қаласында әскери қызметшінің денесі табылды
14 қазан 2024 / Новости Казахстана

Шахтинск қаласында әскери қызметшінің денесі табылды

Шахтиск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісінің мәйіті табылды. Әскери өзіне-өзі қол жұмсаған. Қайғылы оқиға 13 қазанда болған. Келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери қызметшінің денесін өзі тұрып жатқан пәтерден тапқан. Ол белдікке буынып қалған. 

2026 жылы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді
14 қазан 2024 / Новости Казахстана

2026 жылы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді

Қазақстан 2026 жылғы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future өткізу мүмкіндігіне ие болды. Турнирді өткізу құқығына Қазақстаннан бөлек, Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған еді. Қатысушылар жарыста физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін бағдарламаларда сынға түседі. «Болашақтың ойындарын» Қазақстанда өткізу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазан қаласында өткен алғашқы ойындардың ашылу салтанатында ұсынған еді. Келесі жылғы турнир БАӘ-де, ал 2026 жылы Астанада өтетін болып бекітілді. 

Өзбекстан Ресейдің көмегімен газ тасымалдау жүйесін жетілдіруді жоспарлап отыр
14 қазан 2024 / Евразия

Өзбекстан Ресейдің көмегімен газ тасымалдау жүйесін жетілдіруді жоспарлап отыр

Өзбекстан Ресейдің көмегімен газ тасымалдау жүйесін жетілдіруді жоспарлап отыр. Республиканың Экономика және қаржы министрі атап өткендей, бұл елді сенімді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өзбекстан газ тасымалдау жүйесін (ГТС) белсенді түрде жаңартып жатыр және осы салада Қазақстан және Ресеймен ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы Санкт-Петербург халықаралық газ форумының пленарлық отырысында Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, экономика және қаржы министрі Джамшид Кучкаров мәлімдеді. 

Роман Скляр Ресейде көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО құрылысын талқылады
14 қазан 2024 / Евразия

Роман Скляр Ресейде көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО құрылысын талқылады

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ресейде көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО құрылысын талқылады. РФ Энергетика министрі Сергей Цивилев достас елдермен ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті. Ресей мен Қазақстан энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда. Санкт-Петербург халықаралық газ форумы-2024 аясында Ресей энергетика министрлігінің басшысы Сергей Цивилев пен Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың кездесуі өтті.