Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Астанада екі жыл бойы заңсыз жұмыс істеп келген майнинг-ферма әшкереленді
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Астанада екі жыл бойы заңсыз жұмыс істеп келген майнинг-ферма әшкереленді

Екі жыл бойы миллиондардың электр энергиясын ұрлаған. Астанада заңсыз жұмыс істеп келген майнинг-ферма әшкереленді. Сырттай шағын ғана нысан болғанымен, ферма бүтін бір аудан тұтынатын электр қуатын пайдаланған. 

Балқашта құбыр ауыстырушылар жер астынан үш адамның сүйегін тапты
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Балқашта құбыр ауыстырушылар жер астынан үш адамның сүйегін тапты

Балқашта құбыр ауыстырып жүрген жұмысшылар жер астынан үш адамның денесін тапты. Бірнеше жыл бұрын көмілген мәйіттер шіріп, тек сүйегі қалған.Құбыр ауыстырып жүргендер алдымен бір адамның сүйегін көреді. Полиция адам сүйектерін алып жатқанда тағы екі адамның денесі табылған. Сот-медициналық сараптама табылған адам денелері жер астында бірнеше жыл жатқан деп болжайды. Өйткені етінен дым қалмаған. Сонымен қатар сүйектердің жатысына қарай үшеуі де қасақана өлтіріліп, көмілген болуы мүмкін деген жорамал бар. Полиция із түзсіз кеткендердің деректерін көтеріп, мәйіттердің жеке басын анықтауға кірісті. Қылмыстық іс қозғалды. 

Әйелін пышақтап өлтіріп, ұрлық жасаған еркек 15 жылға сотталды
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Әйелін пышақтап өлтіріп, ұрлық жасаған еркек 15 жылға сотталды

15 жыл бірге тұрып сыйыспай, ақырында өлтіріп, 15 жылға қамалды. Алматыда Әл-Бейне Зарипованың бұрынғы күйеуіне үкім шықты. Әйелін өлтіріп, ұрлық жасағаны үшін сот оны кінәлі деп тапқан. Сотталушының аффект жағдайында қылмыс жасадым деген уәжі де дәлелденген жоқ. Жәбірленуші тарапқа жалпы 20 миллион теңге моральдық шығын өтеуге де міндеттелді. Қыста болған қылмыстың нүктесі бүгін қойылды. Бұған дейін «қызымызды асқан жауыздықпен өлтірді» деген Әл-Бейненің жақындары бұрынғы күйеу баласын 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бірақ сот Сабыржан Зариповтың әйелін өлтіргенін мойындағаны үшін жазасын жеңілдетіпті. 

Алматылық студент қоғамдық орында өзіне қол салды
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматылық студент қоғамдық орында өзіне қол салды

Алматыда режиссер боламын деп жүрген студент өзіне қол салды. Қайғылы оқиға қоғамдық орындардың бірінде болған. Марқұм Алматы менеджмент университетінің үшінші курсында оқыған. Марқұмды ақкөңіл, ашық-жарқын жігіт еді деп сипаттады бүгін университет басшылары. Сабақ үлгерімі де жақсы болған екен. Өзіне қол салмас бұрын курстастарымен бірге киноға барыпты. Кинотеатрдан шыққан соң небәрі 20 жастағы студентті мұндай қадамға баруға не итермелегені әзірге белгісіз. Оның себебін енді полиция анықтайды. Суицид дерегі бойынша олар қылмыстық іс қозғаған. 

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Путинді құл иеленушісімен салыстырды
26 қыркүйек 2024 / Мир

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Путинді құл иеленушісімен салыстырды

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Путинді құл иеленушісімен салыстырды. БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Дэвид Лэмми Ресей билігі «жаһандық оңтүстіктің мүдделерін қорғаймыз» деп мәлімдеп, халықаралық құқықты бұзып отыр және Владимир Путин «өзінің мафиялық мемлекетін жемқорлыққа негізделген империяға айналдыруға тырысады» - деді. 

Reuters: Ресей хуситтермен "Оникс" зымырандарын жеткізу үшін келіссөз жүргізуде
26 қыркүйек 2024 / Мир

Reuters: Ресей хуситтермен "Оникс" зымырандарын жеткізу үшін келіссөз жүргізуде

Reuters: Ресей хуситтермен кемеге қарсы оникс қанатты зымырандарын жеткізу үшін келіссөздер жүргізуде. Агенттіктің хабарлауынша, Иран бейресми түрде делдал болып, келіссөздер Тегеранда жүріп жатыр. Reuters ақпарат көздері Мәскеудің әзірге хуситтерге зымыран беру туралы шешім қабылдамағанын жариялады. 

Боррель ЕО Украинаны жеңу құнымен соғысты тоқтатуға қарсы
26 қыркүйек 2024 / Мир

Боррель ЕО Украинаны жеңу құнымен соғысты тоқтатуға қарсы

Боррель ЕО Украинаны жеңу құнымен соғысты тоқтатуға қарсы. «Мен барлық бейбітсүйерлерге үндеу жасаймын: бұл соғыстың қалай аяқталуы маңызды екенін есте сақтаңыз», - деді ЕО дипломатиясының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында. Оның айтуынша, егер украиндықтар «өз мемлекетінің тұтастығын бұзуға бағынса», бұл «мұны қайта-қайта қайталағысы келетін» агрессорға «жақсы үлгі» болады. 

Алматы қаласының 36 пайызы жасыл желекпен қамтылған
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматы қаласының 36 пайызы жасыл желекпен қамтылған

Алматының 25,4 мың гектары жасыл желекпен қамытылған. Бұл туралы Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Мирас Гайсин Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия өсімдік тәлімбақтары қауымдастығының II конференциясында айтты. Басқарма басшысының айтуынша, Алматы республикадағы ең жасыл қалалардың бірі. Мегаполистің 68 мың гектар аумағының 25,4 мың гектары немесе 36%-ы жасыл желекпен қамтылған. 

АЭС орны қалай таңдалады?
25 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

АЭС орны қалай таңдалады?

Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен азаматтық ұйымдар өкілдерінің басын қосқан Халық штабы құрылды. Бүгінде әр өңірде Президент идеясының мәні мен маңызын талқылау қарқынды жүргізіліп жатыр.