Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Ресейде ажырасу рекордтық көрсеткішке жетті
23 қыркүйек 2024 / Мир

Ресейде ажырасу рекордтық көрсеткішке жетті

Ресейде ажырасу рекордтық көрсеткішке жетті. Росттаттың мәліметінше, үйленген 1000 жұптың 900 ажырасады екен. Елдің демографиялық дағдарысқа ұшырағанын ескерсек, халық саны бірнеше жылда тағы азаяды дейді мамандар. 

Шымкентте ер адамды пойыз басып кетіп, қайтыс болды
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Шымкентте ер адамды пойыз басып кетіп, қайтыс болды

Шымкентте шамамен 30-35 жастағы ер адам пойыз астында қалып мерт болды. Оқиға 21 қыркүйек сағат 22.00-лер шамасында Исмайлов (бұрынғы Громов)-Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын маңнан өтетін теміржолда болған. «Шұғыл шақырылым» тілшісінің хабарлауынша, жарақаттың ауыр болғаны соншалық, ер кісі оқиға орнында көз жұмған.

Қарағанды облысының тасжолдарында 18 блок-бекет қойылды
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қарағанды облысының тасжолдарында 18 блок-бекет қойылды

Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды. Мал ұрлығының алдын алу және оған тосқауыл қою мақсатында Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды. Полиция қызметкерлері аталған бекеттерде мал және ет өнімдерін тасымалдаушыларды тоқтатып, құжаттарының белгіленген талаптарға сай болуын тексереді. 

Иранда кеніштегі жарылыстан көз жұмғандар саны 51 адамға жетті
23 қыркүйек 2024 / Мир

Иранда кеніштегі жарылыстан көз жұмғандар саны 51 адамға жетті

Иранда көмір кен орнында болған жарылыстан көз жұмғандар саны 51 адамға жетті. Қайғылы оқиға Оңтүстік Хорасан провинциясындағы Табас қаласында кешкі сағат 9-да болды. Жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, метан газы жарылған. Құтқару операциясы жалғасып жатыр. «Сондықтан құрбандар қатары әлі де өсуі мүмкін», – дейді билік өкілдері. 

Ұлттық бренд — апорт қайта жаңғыртылады
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Ұлттық бренд — апорт қайта жаңғыртылады

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет «Garden Day — Aport» атты бақша күнін өткізді. Іс-шара Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Талғар» аймақтық филиалының базасында ұйымдастырылды. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері, агробизнес өкілдері, Түркия, Польша және Болгариядан келген ғалымдар қатысты. Президент тапсырмасы бойынша Қазақстанда ұлттық бренд — апортты қайта жаңғырту шаралары қабылданып жатыр. 

Абай облысында халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетілді
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Абай облысында халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетілді

Абай облысында Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі, Абай облысының Құрметті азаматы, әнші Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған «Қазақтың Бибігүлі – халықтың бұлбұл үні» атты концерт өтті. Ән кешінде отандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, оркестрлік шығармалар орындалды. Концертте Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония жанындағы «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі, мәдениет саласының үздігі Нұрбек Өмірбеков, республикалық конкурстардың лауреаты, Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияның әншісі Әйгерім Тоқтыбаева, республикалық конкурстардың лауреаты, Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің солисі Әйгерім Әшірова өнер көрсетті. 

Тарихи жүлде: Қазақстан құрамасы шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері
23 қыркүйек 2024 / Sport

Тарихи жүлде: Қазақстан құрамасы шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан 45-ші Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Біздің команда соңғы турда АҚШ-пен 2-2 есебімен тең түсіп, 18 ұпай жинады. Ал Олимпиаданың фавориті Үндістан әйелдер мен ерлер арасындағы жарыста алтыннан алқа тақты. 

Алматыда Шекара академиясының курсанты қайтыс болды
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматыда Шекара академиясының курсанты қайтыс болды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін түнде Алматыдағы Шекара академиясы курсантының өліміне қатысты түсініктеме берді. 2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды. Өліміне биіктен құлау себеп болған. 

Қазақстан автомектептерге қойылатын талапты күшейтеді
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан автомектептерге қойылатын талапты күшейтеді

Қазақстан автомектептерге қойылатын талапты күшейтпек. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха хабарлау рәсімінен рұқсат беру тәртібіне қайта оралу қажет деп санайды.ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха автомектептерге лицензияны қайтару жоспарымен бөлісті. Ол жүргізушілерді оқыту басты мәселе екенін атап өтті. Қазір Ішкі істер министрлігі бұл процесті бақылап отырған жоқ, рұқсат беру тәртібінің орнына білім сапасына кері әсер ететін хабарландыру тәртібі жұмыс істейді.