Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына құсбегілер сайысы қосылды
30 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына құсбегілер сайысы қосылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына аз күн қалды. Биылғы ойындарға Алматыдан екі спортшы қатысады. Олар «қазақ күресі» бойынша ел намысын қорғайды. Нұрлан Оспановтың айтуынша, әр өңірден ойындарға қатысатын «елшілер» мен бір «батыр» спортшы тағайындалады. Олардың міндеті – ойындардың маңыздылығы мен ерекшеліктерін насихаттау, сондай-ақ кездесулер мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Өзбекстанда өтеді
30 тамыз 2024 / Евразия

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Өзбекстанда өтеді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Өзбекстанда өтеді. Бұл туралы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға Қырғызстан ұлттық құрамасының дайындығы жөніндегі кеңесте айтылды. Қырғызстан құрамасының 2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындығына арналған жиында келесі ойындар Өзбекстанда өтетіні белгілі болды. 

Қырғызстанда муниципалды такси қызметі құрылады
30 тамыз 2024 / Евразия

Қырғызстанда муниципалды такси қызметі құрылады

Қырғызстанда муниципалды таксилер құрылады. Республика билігі бизнесті монополиялаумен күресуді, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Қырғызстанның Министрлер кабинеті Бішкек әкімдігімен бірлесіп, муниципалды такси құруды көздейтін «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау ережесін бекіту туралы» қаулы жобасын әзірледі. 

Алматының Арбатындағы абаттандыру жұмыстары күзде аяқталады
30 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Алматының Арбатындағы абаттандыру жұмыстары күзде аяқталады

Алматыда Панфилов көшесі Қабанбай батыр көшесінен Жібек жолына дейін абаттандырылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті. Айтуынша, жоба аясында көпжылдық бұталарды отырғызу есебінен жол бөлігі жаңартылып, жасыл аймақ ұлғайтылады. Сондай-ақ қолданыстағы шағын архитектуралық нысандар жаңартылады. Сонымен қатар, Жібек Жолы көшесінде тағы 1 модульдік полиция пункті орнатылады. 

Қазақстанда гидрогеологиялық қызмет қайта құрылды
30 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда гидрогеологиялық қызмет қайта құрылды

Қазақстанда гидрогеологиялық қызмет қайта құрылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел үшін су ресурстарының маңыздылығы мұнайдан кем емес екенін атап өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды. 

Тасқын: БҚО-да 775 тұрғын үй салынды
30 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Тасқын: БҚО-да 775 тұрғын үй салынды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Теректі ауданы, Аңқаты ауылында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өткізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына Аңқаты ауылындағы үйлер «Жайықмұнай» ЖШС демеушілігімен салынды. Мерекелік шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Өңір басшысы ауыл тұрғындарын қоныс тойымен құттықтап, жаңа баспана кілттерін табыс етті. 

Көшпенділер ойындарына қытайдан қазақ балуандар келе жатыр
30 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойындарына қытайдан қазақ балуандар келе жатыр

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қытай қазақтары арасынан әртүрлі салмақ бойынша 8 балуан келіп қатыспақ. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр. Онда спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. 

US Open: Путинцева қытайлық қарсыласын жеңіп, үшінші айналымға шықты
30 тамыз 2024 / Sport

US Open: Путинцева қытайлық қарсыласын жеңіп, үшінші айналымға шықты

Қазақстанның екінші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 40-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ванмен кортқа шықты. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, бәрінде қытайлық спортшы жеңген. Бірінші партия 6:1 есебімен Путинцеваның пайдасына шешілгенімен, әр доп үшін күрес жүріп, 46 минутқа созылды. 

Конституция күні — Тәуелсіз мемлекетіміздің Ата заңы қабылданған күн
30 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Конституция күні — Тәуелсіз мемлекетіміздің Ата заңы қабылданған күн

Бүгін Конституция күні. Еліміздің бас құжаты — Тәуелсіз мемлекетіміздің Ата заңы қабылданған күн. Мемлекет тұтастығы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтар құқығының сақталуы, демократиялық құндылықтардың барлығы осы заңның аясына топтасқан.