Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Ақмолада ірі қара мал тұқымдары байқауының жеңімпазы анықталды
21 шілде 2024 / Новости Казахстана

Ақмолада ірі қара мал тұқымдары байқауының жеңімпазы анықталды

Қазақстанда етті ірі қара мал тұқымдары арасында Ұлттық конкурстың жеңімпазы анықталды және оған жарыстың бас жүлдесі – жаңа трактор тарту етілді. Малшылар арасындағы конкурс «Jańa Dala / Green Day ‘2024» Дала күні аясында өтті. Халықаралық қазылар алқасының шешімімен «Jańa Dala / Green Day ‘2024» «Ең күшті бұқа» номинациясында Qazaq Аqbas қазақтың ақбас тұқымының республикалық тұқымын көпшілікке ұсынған Абай облысындағы «Дәурен» шаруа қожалығының Шомбал атты бұқасы жүлде иегері болды. Шомбалдың салмағы 598 кг, туған кездегі салмағы 26 кг болған. 

Астанадан Моңғолияға бара жатқан автобус өртеніп кетті
21 шілде 2024 / Новости Казахстана

Астанадан Моңғолияға бара жатқан автобус өртеніп кетті

Астана-Баян-Өлгий бағытында келе жатып өртенген автобуста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша бас басқармасының мәліметінше, өртенген автобустың барлық жолаушысы Қазақстан азаматтары болған. Олар кеше Ресей-Моңғолия шекарасын кесіп өтіп, көлік компаниясы берген қосымша автобуспен Баян-Өлгийге сапарын жалғастырды. 

Тасқын: Ақтөбе облысында 35 отбасы баспаналы болды
21 шілде 2024 / Новости Казахстана

Тасқын: Ақтөбе облысында 35 отбасы баспаналы болды

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тасқын судан зардап шеккен 35 отбасы баспаналы болды. «Ырғыз ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіліп жатыр. Материалдық және әлеуметтік төлем төленіп, жаңа үйлер салынып жатыр, сондай-ақ, тұрғындар келісіміне сәйкес, өздері қалаған тұрғын үйді сатып ала алады. Бүгінгі күні 35 отбасы қоныстойын тойлады, 125 отбасы жаңа салынып жатқан үйлеріне көшеді», — делінген хабарламада.Нұра ауылының зейнеткер тұрғындары Нұрабек Бекназаров және Қымбат Баймұратова аудан орталығынан баспаналы болды. 

Трамп Демократиялық партияны келемеждеп, қастандық әрекетіне қатысты пікір білдірді
21 шілде 2024 / Мир

Трамп Демократиялық партияны келемеждеп, қастандық әрекетіне қатысты пікір білдірді

Қастандықтан кейінгі алғашқы митингіде Трамп Демократиялық партияны келемеждеп, қастандық әрекетіне қатысты пікір білдірді. Саясаткер 20 шілдеде Гранд-Рапидсте (Мичиган штаты) бірнеше мың көрерменге қастандықтан кейінгі алғашқы үгіт митингісінде: «Өткен аптада мен демократия үшін атылдым», - деді. 

Қылмысқа куә болған балаларға көмек көрсетіледі
21 шілде 2024 / Новости Казахстана

Қылмысқа куә болған балаларға көмек көрсетіледі

Оқу-ағарту министрлігі өңірлерде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмектесетін бағдарлама енгізіле бастағанын хабарлады. Бағдарламаның мақсаты − зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған, сондай-ақ қылмысқа куә болған балаларға кешенді көмек көрсету. Бағдарлама балалардың эмоциялық, когнитивтік және мінез-құлқындағы салдарларды еңсеру. 

Головкин жаңа мәлімдеме жасады
21 шілде 2024 / Sport

Головкин жаңа мәлімдеме жасады

Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкин рингке қайта оралуы мүмкін екенін айтты.«Зейнетке шықпадым, отбасыммен бірге өткізген уақытты жақсы көремін. Жаңа жұмысым бар, бірақ спортпен айналысу маған ұнайды. Мансабымды аяқтаймын деп ешқашан айтқан емеспін. Егер қолайлы мүмкіндік болса, бәлкім, рингке қайта ораламын», деді Головкин. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтар туралы шындықты айтты
21 шілде 2024 / Новости Казахстана

Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтар туралы шындықты айтты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті күштік құрылымдар атынан азаматтарға жүгінетін алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткенін айтты. Алаяқтар қоңырау шалып немесе қаржылық және басқа да операцияларды жүргізу туралы өтініштері бар мәтіндік хабарламалар жібереді. Бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келеді. ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдары жиі жіберіледі.