24 қазан 2024
/ Евразия
Қырғызстанда жала жапқаны және қорлағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін
Жогорку Кенеш депутаттары «Қырғыз Республикасының құқықбұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Заң жобасында ақпарат құралдарында және интернетте қорлау немесе жала жабу үшін жоғары көлемде айыппұл салу қарастырылған. Заң жобасына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет сайттарында қорлау немесе жала жабу үшін жеке тұлғаларға 1000 есептік көрсеткіш (100 мың сом), ал заңды тұлғаларға 2000 есептік көрсеткіш (200 мың сом) көлемінде айыппұл салынады.