Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Әскери қызметшілер 6 облыста су тасқыны салдарын жоюға көмектесіп жүр
15 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Әскери қызметшілер 6 облыста су тасқыны салдарын жоюға көмектесіп жүр

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 2 262 әскери қызметші, 137 автокөлік пен 5 авиация ұшағы жұмылдырылды. Ақтөбе облысы Ойыл кенті ауданындағы паром өткелімен тәулігіне 9 паром рейсі жасалды. Онда 75 адам эвакуацияланып, 35 көлік, 3 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Ақтау авиабазасының экипажы ұшқышсысыз ұшу аппаратының көмегімен Жайық өзенінің арнасындағы жергілікті жерді аэробақылау және барлау жүргізіп жатыр. Батыс Қазақстан облысында Қарулы күштердің әскери қызметшілері құм салынған қаптарды дайындау және төсеу, Жайық өзеніндегі бөгетті нығайту, Ақжайық ауылдық округіндегі Елек өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізді.

Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды
15 сәуір 2024 / Sport

Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық 18 жастағы теннисші Соня Жиенбаева Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің финалында жеңіске жетіп, чемпион атанды. Дүниежүзілік рейтингіде 1 246-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 525-ракеткасы, түркиялық Йорук Илаймен бас жүлдені сарапқа салды. Жиенбаева тартысты өткен бәсекеде 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Соня ересектер арасында ITF жарысындағы алғашқы титулына қол жеткізді. 

Елдегі ахуал: 4 мың үй, 2 мың саяжай су астында қалды
15 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Елдегі ахуал: 4 мың үй, 2 мың саяжай су астында қалды

Су тасқыны басталғалы 107 465 адам, оның ішінде 38 627 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. 11 786 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 598 адам, оның ішінде 3 288 бала орналасқан. Қазір Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 870 жеке тұрғын үй, 1517 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалған. «Жедел желі» телефондарына 1 667 қоңырау келіп түсті, 123 шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Еліміздің 8 өңірінде: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ режимі күшінде.

«Қазгидромет»:  Су тасқынының екінші толқыны қаупі бар өңірлер
15 сәуір 2024 / Новости Казахстана

«Қазгидромет»: Су тасқынының екінші толқыны қаупі бар өңірлер

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова су тасқынының екінші толқыны қаупі бар өңірлерді атады. Шығыс Қазақстан облысында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі әдетте жазық өзендерден кейін өтеді.

Су тасқыны болған аймақтарда 253 әйел босанды
15 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Су тасқыны болған аймақтарда 253 әйел босанды

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 66 медициналық пункт жұмыс істеп жатыр. Су басқан өңірлерде бүгінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар қоры жеткілікті. Пункттерде медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін 1 116-дан астам медицина қызметкері, оның ішінде 278 дәрігер, 838 мейіргер, 79 психолог тартылған. Санитария-эпидемиологияны бақылау мақсатыңда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде халық пайдаланатын ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі.

БҚО су тасқынының екінші кезеңіне дайындалып жатыр
15 сәуір 2024 / Новости Казахстана

БҚО су тасқынының екінші кезеңіне дайындалып жатыр

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны басталғалы 13 159 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 мыңнан астамы ересек азаматтар болса, 6 мыңға жуығы балалар. Бүгінгі таңда облыс бойынша 17 эвакуациялық пунктке 1 701 адам орналасты. Оларға қажетті заттар мен азық-түліктер уақытылы жеткізіліп жатыр.

Елдегі су қоймаларының жағдайы туралы деректер
15 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Елдегі су қоймаларының жағдайы туралы деректер

Президент тапсырмасымен Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын қайта қарайды. Құжатқа су тасқынының алдын алу және оның шығындарын азайту жөніндегі кешенді іс-шаралар қосылады.