Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Газа секторында қаза тапқандар саны 43 мыңнан асты
30 қазан 2024 / Мир

Газа секторында қаза тапқандар саны 43 мыңнан асты

Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылдың 7 қазанынан бері 43 020-дан астам палестиналық қаза тапқанын мәлім етті.  «Соңғы 24 сағатта сионистік армия Газа секторында бес қылмыс жасады, нәтижесінде 96 палестиналық қаза тауып, тағы 277 адам жараланды», делінген хабарламада. 

Спорт басқармаларының басшыларын арнайы комиссия тағайындайды
30 қазан 2024 / Новости Казахстана

Спорт басқармаларының басшыларын арнайы комиссия тағайындайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау құзіреті жергілікті әкімдіктерден Туризм және спорт министрлігіне берілді. Осы мақсатта министрлік жанынан арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысына министр Ербол Мырзабосынов жетекшілік етеді. 

Қайтыс болған донордың ағза мүшелері 4 адамның өмірін сақтап қалды
30 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қайтыс болған донордың ағза мүшелері 4 адамның өмірін сақтап қалды

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында қайтыс болған донордың ағза мүшелері төрт пациентке сәтті трансплантацияланды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 39 жастағы донордың миы жұмысын тоқтатқаннан кейін туыстары келісіп, ағзалары төрт адамға берілген. Донордың жүрек, өкпе және екі бүйрегі мұқтаж науқастарға берілген. Мәселен, 1977 жылы туған ер адамға жүрек, 1962 жылы туған әйелге өкпе, 2015 жылы туған балаға бүйрек, ал 1966 жылы туған әйелге екінші бүйрек трансплантацияланған. 

Қытай мен Өзбекстан инновациялық агротехникалық парк салады
30 қазан 2024 / Евразия

Қытай мен Өзбекстан инновациялық агротехникалық парк салады

Қытай мен Өзбекстан инновациялық агротехникалық парк салады. Жоба екі ел басшылары қол қойған серіктестік жоспары аясында жүзеге асырылады. Өзбекстанда «Өзбекстан – Қытай» атты жаңа инновациялық агротехнологиялық паркті іске қосу жоспарлануда. Бұл маңызды жобаның тұсаукесері Янглин қаласында өткен халықаралық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өтіп, оны Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ауыл шаруашылығындағы білім және инновациялар ұлттық орталығының директоры Шухрат Отажонов таныстырды. 

Тәжікстан Қытаймен құрылыс және өндірісте ынтымақтастық орнатпақ
30 қазан 2024 / Евразия

Тәжікстан Қытаймен құрылыс және өндірісте ынтымақтастық орнатпақ

Тәжікстан Қытаймен құрылыс және өндіріс саласында ынтымақтастық орнатпақ. Соғды облысының төрағасы қытайлық компаниялардың өкілдерімен әріптестік перспективаларын талқылады. Соғды облысында кездесу өтіп, оның барысында аймақ басшысы Раджаббой Ахмадзода Shandong Duling Group және Ujiha Study Abroad Consulting Service компанияларының өкілдері болып табылатын қытайлық кәсіпкерлер делегациясымен өңір экономикасына инвестиция тарту мәселелерін талқылады.

Қытайлық туристік топтар Қырғызстанда визасыз демалады
30 қазан 2024 / Евразия

Қытайлық туристік топтар Қырғызстанда визасыз демалады

Қытайдан келген ұйымдастырылған туристік топтар Қырғызстанда визасыз демалады. Республика Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Қырғызстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Қырғызстан Қытайдан келетін ұйымдасқан туристік топтарға визасыз кіру туралы шешім қабылдады. 

Кенесары хан ескерткішінің іргетасы құлайын деп тұр
30 қазан 2024 / Новости Казахстана

Кенесары хан ескерткішінің іргетасы құлайын деп тұр

Қаланың Мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында 2024-2025 жылдары Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткішін қайта жаңарту жоспарланғанын хабарлайды. Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, нысан апатты деп танылды. Нысан іргетасының құлау қаупі бар. 

Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды
30 қазан 2024 / Новости Казахстана

Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды

Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды. Ол жайлы Қарағанды облысының әкімдігінде мәлім етті. «Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының басшысы Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды. Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқаратын болады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.