ЕуразияБүгін, 12:30

Түрмедегі аналар туған күнінде балаларымен қауышты

Өзбекстанда түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан аналарға балаларымен жүздесуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Арнайы ұйымдастырылған кездесу барысында екі ана өз балаларымен қауышты. Олардың бірі үшін бұл сәт ерекше әсерлі болды: ол дәл туған күнінде 10 жылдан кейін алғаш рет өз баласын құшағына алып, жүзін көрді. Кездесу кезінде көз жасына ерік берген ана мен баланың қауышуы көпшілікті толқытты.

Мұндай бастама сотталған әйелдердің отбасымен байланысын үзбеуге, аналық сезімін сақтауға және оларды қоғамға қайта бейімдеуге қолдау көрсету мақсатында қолға алынған. Мамандардың айтуынша, жақындарымен қарым-қатынасты сақтау жазасын өтеп жатқан азаматтардың психологиялық жағдайына оң әсер етіп, бостандыққа шыққаннан кейін қалыпты өмірге оралуына көмектеседі.

Өзбекстан Адам түрме Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар