18-60 жас аралығындағы украиндық ер адамдар шетелде төлқұжат ала алмайды
18-60 жас аралығындағы украиндық ер адамдар шетелде төлқұжат ала алмайды. Енді олар ішкі және сыртқы төлқұжаттарды тек аумақтық органнан немесе көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесінен ғана ала алады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Украина үкіметінің қаулысында айтылған.
Онда бұл шектеулер соғыс жағдайы кезінде шекарадан өтуге құқығы бар ер азаматтарға қолданылмайтынын түсіндіреді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: