20 жылдыққа барамын деп күйеуінің қолынан қаза тапқан келіншек туралы сұмдық ақпарат тарады
Ер адам 20 жылдыққа барған келіншегін жауыздықпен өлтірді, деп хабарлайды Arbat.media MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Қырғызстанда болған. Ош облысының Өзген ауданында 40 жастағы ер адам әйелін қызғаныштан өлтірді. Күдікті қолға түсті. Бұл туралы Ош облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады.
Марқұмның анасы 20 жылдыққа барып, бір еркектің қолын ұстамай, боянбай, сыланбай барған қызымды өлтірді деп отыр. Байғұс ана қолымнан келсе күйеубаланы өртеп тастар едім дейді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс қызғаныш себептерінен орын алған. Олардың айтуынша, күдікті әйелін мектептегі сыныптастар кездесуіне барғаннан кейін бұрынғы сыныптасынан қызғанып, соққыға жыққан және оқ атқан.
A. B. әйелін ұрып-соғып, кейін оған оқ атқан, – деп нақтылады ішкі істер басқармасында.
Ош облысының Өзген аудандық ішкі істер бөліміне 26 мамыр күні Кара-Кульджин ауданында тұратын 1987 жылы туған А. Э. есімді әйелдің жарақат алып, ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.