53 жастағы әйел жас қыздарды жыныстық құлдыққа сатып келген
Ташкентте үш қызды Тайландқа жыныстық құлдыққа жібермек болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Самарқанд облысының ІІБ хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, 53 жастағы әйел Таиландтағы сыбайласымен алдын-ала келіскен. 18, 23 және 31 жастағы үш қызды жібергені үшін ол 5 мың доллар алуы керек еді. Қыздардың кем дегенде үш ай бойы интимдік қызмет көрсетуі шарт болды.
Күдікті өз құрбандарын қиын жағдайға тап болған әйелдер арасында іздегені атап өтілді.
Күдікті Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайда ұсталып, оған қатысты Адам саудасы туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: