95 жастағы кейуананы Хамас лаңкестерінен күтушісі аман алып қалды
95 жастағы кейуананы Хамас лаңкестерінен күтушісі аман алып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Израильдік Walla басылымы Ница есімді Нирим қаласының 95 жастағы тұрғыны мен оның күтушісі, 31 жастағы филиппиндік Камилланың оқиғасын айтып берді.
ХАМАС содырлары кибуцқа кіргенде, Ницаға бес жыл бойы қамқор болған Камилла кейуананы үйге жасырған, бірақ есігін дұрыс жаба алмаған.
Нәтижесінде үйдіңбосағасында Хамас содырлары пайда болып, Камилламен бетпе-бет келген. Филиппин келіншек еш қиналмай, лаңкестердің қолына бар жинаған ақшасы бар әмиянын ұстатқан.
«Мен қарап отырған кемпір өте кәрі және ештеңені түсінбейді. Міне, бар ақшам, осыны ал да, кет», – деп айтып үлгерген.
Содырлар ақшаны алып, расында кетіп қалған. Содан кейін Камилла Ницаның жанына келіп құшақтап: «Сен тірі тұрғанда, мен сені жалғыз қалдырмаймын», - деп уәде берген.
Камилла лаңкестерге 1500 шекел берген (бар болғаны 350 еуро). Ол бұл ақшаны Филиппиндегі отбасына ұшып баруға жинап жүрген екен.
Хамас шабуылынан кейін ол жоспарын өзгертіп, Израильде Ницамен бірге қалуды ұйғарған.