Абхазиядағы наразылық білдірушілер парламент ғимаратын басып алды
Абхазиядағы наразылық білдірушілер парламент ғимаратын басып алды. Олар бірнеше күн бойы депутаттардан Ресеймен инвестициялық келісімді ратификациялаудан бас тартуды талап етті. Бұл ретте наразылық білдіруге шыққандар Ресейдің өзіне қарсы шығып жатқан жоқпыз дейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Танылмаған Абхазия республикасында Ресеймен жасалған жаңа инвестициялық келісімге қарсы наразылықтар жалғасуда.
Шерушілер үкіметтік ғимараттар кешенін қоршап алып, Грузиядан бөлініп шыққан республиканың парламентіне басып кірді. Абхаз билігі келісімді парламенттен қайтарып алуға уәде берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: