Америкалық қыз шайлыққа байқаусызда $7 мың қалдырып кеткен
Америкалық қыз сэндвичке шайлық ретінде байқаусызда жеті мың доллар қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media
Оқиға Джорджия штатының Атланта қаласында болды. Вера Коннер 7 долларға кәдімгі сэндвич сатып алып, содан кейін ол жеңілдік алу үшін экранда телефон нөмірін енгізу керек деп ойлаған.
Шын мәнінде, ол дәмханаға қалдырғысы келетін ақша соманы енгізіп, сөйтіп Коннердің картасынан 7 113 доллар ақы алынған.
«Мен бұл сомаға сонау Италияға барып, сол жерден сэндвич сатып алар едім», - деді ол.
Коннер ақшаны бір айға жуық қайтаруға тырысқан, бірақ дәмхана менеджері қайтарудан тас тартқан.
«Бұл мүмкін емес. Мұны көрген адам менің қателескенімді бірден түсінеді деп ойлаймын. Мен өзі де саудада жұмыс істедім. Бұл көп ақша. Білесіз бе, негізі мен шайлық беруге аса құмар емеспін», - деп түсіндірді Вера.
Коннердің оқиғасына жергілікті телеарна назар аударып көрсеткеннен кейін ғана дәмхана оның ақшасын қайтаруды ұйғарыпты.