АҚШ: "Хелен" дауылынан, кем дегенде 90 адам құрбан болды
Chandan Khanna/AFP/Getty Images
Getty Images
Әлем30 қыркүйек 2024, 16:07

АҚШ: "Хелен" дауылынан, кем дегенде 90 адам құрбан болды

АҚШ-тың оңтүстік-шығысында бірнеше күн бойы жалғасқан Хелен дауылы кем дегенде 90 адам құрбан болды. Түрлі ақпарат көзіне сүйенсек, келтірілген шығын 15 пен 100 миллиард долларға дейін жетеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Дауыл миллиондаған адамдардың электр қуатын сөндірді, жолдар мен көпірлерді қиратып, Флоридадан Вирджинияға дейін қатты су тасқынына әкелді.

Кеше ауқымды тазалау және қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Солтүстік Каролина губернаторы Рой Купер штаттың батыс бөлігінде ол сөйлескен адамдар «бұндай нәрсені ешқашан көрмегенін» айтты.

АҚШ Хелен дауылы Шығын

Тақырыпқа жаңалықтар