Арнайы рейс: Германия Украинадан балаларды емдеуге алады
Германия Украинадан балаларды емдеуге алады. Бұл туралы Германияның денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах мәлімдеді. Арнайы эвакуациялық рейс 10 шілдеде Украинаға ұшады, деп қосты ол. Лаутербах мұның Киевтегі «Охматдет» балалар ауруханасына ресейлік соққыға дейін-ақ жоспарланып, украин тарапымен келісілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Путин балалар ауруханасына мақсатты шабуыл жасау арқылы өзінің әскери қылмыскер екенін тағы бір рет көрсетті», - деді Германия денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Украиналық құтқарушылардың соңғы мәліметі бойынша, 8 шілдедегі ресейлік шабуылдардың салдарынан барлығы 33 адам қаза тауып, 140-ы жараланған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: