АСТ баспасы Акунин мен Быков кітаптарының сатылымын тоқтатты
АСТ баспасы Акунин мен Быков кітаптарының сатылымын олардың ашық мәлімдемелеріне байланысты тоқтатты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сатуды тоқтату туралы ақпарат ресейлік баспаның ресми сайтында жарияланды.
"Қоғамда кең резонанс тудырған жазушылардың жария мәлімдемелері құқықтық баға беруді талап етеді. Жағдай нақтыланбайынша, кітаптарды шығару және жөнелту қайта қалпына келтірілмейді", - деді АСТ бас директоры Гришков.
Сол себепті Акунин мен Быковтың кітаптары «Ред-Город - Буквоед» дүкендер желісінде сатылымнан алынып тасталды, деп хабарлайды желі сайтында.
Жазушылардың нақты қандай мәлімдемесі сөз болып отырғаны хабарланбайды. Акунин мен Быков Ресейдің Украинаға басып кіруін ашық түрде айыптағаны белгілі.
«Дождь» телеарнасы апта басында кремльшіл пранкерлердің Украина әкімшілігі өкілдерінің атынан Быков пен Акунинмен болған әңгімесін жариялағанын еске салады.
Бір күн бұрын Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Андрей Гурулев Соловьевтің үгіт-насихаттық ток-шоуының эфирінде Акунинді жау деп атап, «оның көзін құртуға» шақырған.