Байден Мексикадан заңсыз иммигранттардың баспана сұрау құқығын уақытша жойды
АҚШ президенті Джо Байден кейінгі жылдары Мексикадан келген мигранттардың рекордтық деңгейге жеткен санын азайтуға бағытталған жарлыққа қол қойғаны айтылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ВВС жазды, - деп жариялады Kazinform агенттігі.
АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өткен адамдарға АҚШ-тан баспана іздеуге тыйым салынады», - деді АҚШ президенті.
Байден әкімшілігі бұл шектеу иммиграциялық қызметкерлерге елде заңсыз жүрген адамдарды АҚШ-тан шығаруды жеңілдететінін айтты.
«Осыған байланысты Әділет министрлігі істерді жылдам қарастыра алады. Ал, Ішкі қауіпсіздік министрлігі Құрама Штаттарда болуға заңды себептері жоқ адамдарды тезірек сыртқа шығара алады», - делінген хабарламада.
Ақ үй қандай да бір деректерді келтірген жоқ, бірақ Reuters-тің әкімшіліктегі анонимді дереккөзге сілтеме жасағанындай, тыйым салу шаралары апта ішінде күн сайын шекарада 2 500-ден астам адам ұсталған жағдайда енгізіледі. Бұл шаралар шекарадағы күнделікті ұсталатын адамдар саны 1 500-ден азайған кезде алынып тасталады.