БАҚ: Ресей Украинада соғысып жатқан Үндістан азаматтарымен келісімшарттарын бұзады
Ресей Украинада соғысып жатқан Үндістан азаматтарымен келісім-шарттарын бұзады. Ресей Қорғаныс министрлігі онымен келісімшартқа отырған үндістандықтардың барлығын жұмыстан босатады. Бұл шешім премьер-министр Нарендра Модидің президент Владимир Путинге сапарынан кейін қабылданды, деп хабарлайды NDTV өз дереккөздеріне сілтеме жасап, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сонымен қатар, Ресей үнділіктердің отанына оралуына көмектеседі, деп түсіндірді NDTV.
Еске салайық, 2024 жылдың ақпанында Үндістан билігі Украинадағы соғыста қаза тапқан елдің 20 азаматын еліне қайтаруға тырысып жатқанын хабарлаған болатын.
6 наурызда Үндістанның жеті азаматы Ресей армиясының қатарына алдап-арбау арқылы азғырылғанын түсіндірген видео хабарлама жазып алған.
Мамыр айында Үндістанның Орталық тергеу бюросы жас жігіттерді Ресейге жұмысқа тартатын ірі адам саудасына қатысы бар деген күдікпен төрт адамды тұтқындағанын, олар келген соң Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға мәжбүр болғанын хабарлады.