Британдық әйел арықтату инъекциясынан кейін өліп қала жаздады
Британдық әйел арықтату инъекциясынан кейін өліп қала жаздады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мишель Сворд арықтау үшін Ozempic инъекциясына онлайн тапсырыс берген, деп хабарлайды Daily Mail.
Препаратты енгізгеннен кейін бірден басы айналып, бірнеше рет есінен айырылған.
Қызы оны диванда ессіз, көзі бадырайып ашық жатқан жерінен тапқан.
Жедел жәрдем Мишельді ауруханаға алып кетеді.
Британдық әйел ажалдан аман қалды. Кейін ол шприцте уәде етілген дәрі емес, таза инсулин болғанын біледі.
Дәрігерлер оған 18 бірлікке дейін инсулин енгізген. Қант диабеті әдетте екіден төртке дейін қажет.
«Айналам көмескілене берді. Есіл-дертім балаларымда болды. "Мен не істедім?" деп еске алады Мишель.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: