ЦРУ басшысы: УҚК Курск аймағындағы шабуылы «маңызды тактикалық жетістік»
ЦРУ басшысы Украина қарулы күштерінің Курск аймағындағы шабуылы маңызды тактикалық жетістік, деді. Украина қарулы күштерінің Курск аймағындағы шабуыл әрекеттері ресейлік армияның осал тұстарын әшкереледі, деп мәлімдеді АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры Уильям Бернс Financial Times газетіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, Украина армиясының Ресей аумағына тереңдеп енуі – «маңызды тактикалық жетістік», - деп хабарлайды Arbat.media.
Өз кезегінде, британдық MI6 сыртқы барлау қызметінің басшысы Ричард Мур FT-пен сұхбатында Украина қарулы күштерінің шабуыл әрекетіне баға беруден бас тартып, Курск облысындағы аумақтарды өз бақылауында ұстай алуы украин әскерлері қанша уақыт әрекет ететіні туралы айтудың «әлі ерте» екенін атап өтті.
Украина қарулы күштерінің тамыз айының соңындағы мәліметі бойынша, Украина армиясы аймақтың 1294 шаршы шақырымы мен 100 елді мекенді бақылауға алған.