Цукерберг әлеужелілердің құрбаны болған жасөспірімдердің ата-аналарынан кешірім сұрады
АҚШ Сенатында Meta коропорациясының басшысы Марк Цукербергті әлеуметтік желілердің ықпалынан зардап шеккен ата-аналардан кешірім сұрауға мәжбүрледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Variety порталы жариялады деп жазады Kazinform.
АҚШ Сенатындағы тыңдаулар кезінде балаларды интернетте сексуалдық мақсатта пайдаланудағы интернет-платформалардың ықпалы талқыланды.
Сенатор Джош Хоули Цукербергке қарап: «Сіз, балалары әлеуметтік желінің құрбаны болған ата-аналардан кешірім сұрадыңыз ба»,-деп сұрады жиында.
Цукерберг ата-аналарға бұрылып қарап, кешірім сұрады және Meta компаниясының балаларға тигізер зиянын азайтуға барынша күш салатынын жеткізді.
Сенатор Хоули Цукербергті әлеуметтік желілердегі зиянды контенттер мен бір-бірінің ар-намысына тию әрекеттерін жоюға шақырды.