Әлем29 қараша 2023, 9:12

Елден шығуға құқығы жоқ ресейліктердің төлқұжатын қолданыстан шығарады

Елден шығуға құқығы жоқ ресейліктердің төлқұжатын қолданыстан шығарады, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Бұл туралы The Moscow Times жариялады.

Ресей үкіметінің 24 қарашада жарияланған қаулысына сәйкес, ресейліктер шетелге шығуға тыйым салу туралы шешімнен хабардар болған сәттен бастап 5 күн ішінде халықаралық төлқұжатын өткізуге міндетті.

114-ФЗ заңына сәйкес, елден шығуға тыйым салу, атап айтқанда, сот шешімін орындамаған борышкерлерге, қылмыстық іс бойынша күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты болуы мүмкін.

Банкрот деп танылған немесе шетелдік төлқұжат алуға өтініш берген кезде жалған мәлімет берген азаматтар.

Бұл шара сотталғандарға, мемлекеттік құпияларға және «ерекше маңызды ақпаратқа» қол жеткізе алатын адамдарға, сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілер мен ФСБ қызметкерлеріне қатысты.

Сондай-ақ сәуір айынан бастап күшіне енген түзетулерге сәйкес, әскери комиссариатқа шақыру қағазы жіберілгендерге елден шығуына жол жабылады. 

ресейліктер төлқұжат қолданыстан шығару

Тақырыпқа жаңалықтар