ЕО қару-жарақ орнына, Украинаның әскери-өнеркәсіптік кешеніне инвестиция салып жатыр
Фото: Jose Colon/Anadolu/picture alliance
picture alliance
Әлем14 қазан 2024, 15:45

ЕО қару-жарақ орнына, Украинаның әскери-өнеркәсіптік кешеніне инвестиция салып жатыр

ЕО қару-жарақ жеткізудің орнына Украинаның әскери-өнеркәсіптік кешеніне инвестиция салып жатыр, деп жазады The Washington Post. Америкалық газеттің хабарлауынша, Еуроодақтың Украинаға өзінің қорғаныс өнеркәсібін қолдау үшін 440 миллион доллар бөлу туралы жуырдағы шешімі Ресей Федерациясы бастаған соғысқа «одақтың көзқарасының айтарлықтай өзгеруін көрсетеді», - деп хабарлайды Arbat.media.

Және «ЕО қорғаныс секторының қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірудегі кемшіліктерін көрсетеді».

Неміс Маршалл қорының Брюссельдегі кеңсесінің басшысы Ян Лессер WP-ке берген сұхбатында мұндай инвестициялардың кең мағынасы «Украинаның Батыс қорғаныс өнеркәсібінің жеткізу тізбегіне біртіндеп қосылуы» болып табылады.

Сонымен бірге ол Киевтің қорғаныс өнеркәсібіне салынған инвестиция «Украинаға батыстық қарудың кең көлемде жеткізілуін алмастыра алмайтынын» мойындады.

Қару-жарақ ЕО Инвестиция Украина

Тақырыпқа жаңалықтар