ӘлемБүгін, 15:48

Фабрикада жарылыс болып, 6 адам тіл тартпай кетті

Түркияда фабрика жарылысынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Түркияның Қожаелі провинциясындағы иіссу фабрикасының қоймасында жарылыс болып, алты әйел көз жұмды. Таңертең басталған өрт тез тарап, парфюм өндіруге арналған химиялық сұйықтық құйылған бөшкелер жарылған.

Қайтыс болғандардың ең үлкені – 65 жаста, ең кішісі – 16 жаста екені анықталды. Тағы 7 адам күйік шалып, олардың біреуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Оқыс оқиғадан кейін шетелге қашпақ болған фабрика басшысы және тағы екі адам қамауға алынды. Қазір мамандар өрттің нақты себебін анықтап жатыр.

түркия Жарылыс Адам Аурухана

Тақырыпқа жаңалықтар