Әлем•Бүгін, 10:25

Францияда 550 мың адам наразылыққа шықты: Макронның отставкасын талап етті

Францияның бірқатар қаласында биліктің ішкі саясатына қарсы жаппай наразылық акциялары өтті. Билік мәліметінше, 17 қазандағы шерулерге шамамен 550 мың адам қатысқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньестің дерегінше, Парижде 110 мыңға жуық адам көшеге шыққан. Ал акцияны ұйымдастырушылардың бірі — Жалпы еңбек конфедерациясы (CGT) ел астанасындағы қатысушылар санын 800 мың деп бағалаған.

Наразылық шерулері Парижден бөлек Лион, Марсель, Тулуза, Лилль, Страсбург, Лимож, Бордо және Гренобль қалаларында ұйымдастырылған. Кейбір жерлерде акциялар тәртіпсіздікке ұласып, тонау, өрт қою және мүлікті бүлдіру оқиғалары тіркелген. Осындай әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 1200 адам ұсталған.

Шерушілер президент Эммануэль Макронның отставкаға кетуін талап еткен. Олардың арасында мектеп оқушылары, студенттер және “сары жилеттер” қозғалысының өкілдері болған. Басылымның жазуынша, соңғы апталарда елде тұрмыс құнының өсуіне байланысты халықтың наразылығы күшейген.

Франция шерушілер Билік Наразылық

Тақырыпқа жаңалықтар