Германияда санкцияға байланысты Ресей кемесі ұсталды
Германия кеденінде санкцияға байланысты Ресейдің Росток портынан Atlantic Navigator II жүк кемесін ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Росток порты және теңізшілер басқармасы кеменің бортында Еуроодақ санкцияларына ұшыраған тауарлардың болғанын түсіндірді. Ұсталғанға кемедегі нақты жүк себеп болғаны ресми түрде хабарланған жоқ.
Ostsee Zeitung газетінің хабарлауынша, кеме АҚШ-қа бет алған және оған қайың ағашы мен америкалық атом электр станциялары үшін байытылған уран тиелген.
Жүктің жалпы құны шамамен 40 миллион еуроға бағаланады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: