ӘлемБүгін, 11:22

Иран АҚШ-қа қарсы соққы жасағанын мәлімдеді

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ-тың әскери әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Tasnim агенттігі келтірген ИРСК (КСИР) хабарлауынша, бүгін таңертең АҚШ әскері Бендер-Аббас әуежайы маңындағы нысанға әуеден шабуыл жасаған. Бұған жауап ретінде "шабуылдың бастауы болған" америкалық әуе базасы жергілікті уақытпен 04:50-де нысанаға алынған.

Ресми мәлімдемеде:

"Бұл — жауға берілген қатаң ескерту. Кез келген шабуыл жауапсыз қалмайды. Егер қайталанса, жауабымыз бұдан да қатаң болады", — делінген.

Сонымен қатар ИРСК салдар үшін жауапкершілік "агрессор тараптың мойнында" екенін атап өтті.

Иран АҚШ Соғыс Атыс

Тақырыпқа жаңалықтар