ӘлемБүгін, 14:30

Испаниядағы орман өрті: 50 мың гектардан астам жер отқа оранды

Reuters агенттігінің мәліметінше, Испанияның Мадрид, Авила, Толедо және Кастельон өңірлеріндегі орман өрттері әлі де өршіп тұр. Қызыл жалын Авила провинциясында 50 мың гектардан астам аумақты шарпыған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Салдарынан 75 мыңнан астам адам эвакуацияланып, тағы 30 мың тұрғынға үйлерінен шықпау туралы ескерту жасалды. Қатты жел мен аптап ыстық өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

Өртпен күреске мыңдаған құтқарушы жұмылдырылған. Сонымен қатар Грекия, Италия, Португалия және Түркия Испанияға өрт сөндіретін арнайы ұшақтар мен мамандарын жіберіп, көмек көрсетуде.

Өрт жалын Қатты жел аптап ыстық

Тақырыпқа жаңалықтар