Әлем4 маусым 2024, 16:34

Киев украиналық тұтқындардың көрген қиянатын тергеп жатыр

Киев украиналық тұтқындардың көрген қиянатын тергеп жатыр. Әлеуметтік желілерде Харьков бағытында түсірілген видео таралып, онда украиндық тұтқындардың орман жолының бойымен қаз-қатар көзі байлаулы түрде келе жатқаны бейнеленген. Ресейлік тәртіп сақшылары КСРО әнұранын айтып, ұрып-соғады, сосын соққыдан құлаған украинның басының қасында автоматтан жерге оқ атқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Украина бас прокуратурасы тұтқындарға қатыгездік пен психологиялық қысым көрсетуді жариялады, бұл Женева конвенцияларын бұзу болып табылады. Харьков облысы бойынша СБУ департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Suspilne телеарнасының хабарлауынша, видеодағы күзетшілердің бірі бұрын «ЛПР полициясында» қызмет еткен 32 жастағы петерборлық Алексей Киприн. Журналист Кипринмен WhatsApp мессенджері арқылы ресейлік үгітші атын жамылып хабарласып үлгерген. «Әнұран жаман шырқалды, олар бізді басымыздан ұрып, тұтқындар лагеріне жіберді», - деп жазды Киприн.

украиналық тұтқындар қиянат Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар