Placeholder
Фото ©REUTERS
REUTERS
Әлем20 тамыз 2024, 14:00

Конгода 548 адам маймыл шешегінен қайтыс болды

Конго Демократиялық Республикасында маймыл шешегінен қайтыс болғандар саны 548-ге жетті.  Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Конгода 2023 жылдан бері жұқпалы вирустан мыңнан астам тұрғын көз жұмған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айта кетсек, бүгінге дейін бұл инфекция «Қара құрлықтың» 12 мемлекетінде анықталды.

Осы ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жариялады.

Дегенмен Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, әзірге әлем мемлекеттері арасында шекараларды жауып, сапарларды шектеуге ешқандай негіз жоқ.

Айта кетейік, маймыл шешегі алғаш рет Пәкістанда тіркелген.

конго маймыл шешегі өлім 548 адам

Тақырыпқа жаңалықтар