Коронавирустан 30 адам көз жұмды
Азия елдерінде коронавирус өршіп барады, деп хабарлайды Arbat.media.
Үндістанның ірі қалаларында коронавирус өршіп тұр.
Көбінде ауру белгілері жеңіл өтіп жатыр. Десе де ауруханалар жоғары дайындық жағдайына көшірілген. Науқастардың денінде «Джэй-Эн-1» штамы анықталған.
Қазір індет Азияның өзге елдерінде тез таралып жатыр. Таиландта өткен аптада 16 мың адам медициналық көмекке жүгінген. Сингапурда науқастардың жағдайы асқынып, үштен бірін ауруханаға жатқызуға тура келді. Ал Гонконгта вирустан 30 адам көз жұмды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: