ӘлемБүгін, 10:47

“Лаңкестік шабуыл”: 16 адам жантүршігерлік жағдайда ажал құшты

Пәкістанда лаңкестік шабуылдан 16 сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

2025 жылғы 28 маусымда Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Солтүстік Вазиристан ауданында әскери колоннаға жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан кемінде 16 сарбаз көз жұмды. Бұл туралы AFP агенттігіне жергілікті полиция мәлімдеді.

Жанкешті лаңкес жарылғыш затпен жабдықталған көлігімен әскери көліктер шеруіне соғылған. Қуатты жарылыстан екі үйдің шатыры опырылып түсіп, 20-дан астам адам жарақат алды. Олардың арасында алты бала бар.

Шабуыл жауапкершілігін Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысымен байланысы бар «Хафиз Гүл Бахадур тобы» өз мойнына алған.

Пәкістан Соғыс лаңкес Адам

Тақырыпқа жаңалықтар