Әлем24 қазан 2024, 13:00

Лукашенко 2025 жылғы президенттік сайлауға қатысады

Президент Александр Лукашенко Беларусьте өтетін келесі президенттік сайлауға қатысады. Беларусь президенті бұл туралы «Россия-1» арнасындағы «60 минут» бағдарламасы жүргізушісінің сұрағына жауап берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Иә, Оля, мен президенттік сайлауға қатысамын», - деп жауап берді мемлекет басшысы тілшінің сұрағына, деп хабарлайды Kazinform.

Еске сала кетсек, 2022 жылы Беларусь Конституциясына түзетулер енгізілді, онда ел президенті үшін шектеу – бір адамға екі мерзім қамтылған. Президенттің өзі енгізілген өзгерістерден кейін сайлауға қайта түспейтініне уәде берді.

Беларусь президентінің сайлауы 2025 жылғы 26 қаңтарда өтетінін жазған болатынбыз.

Александр Лукашенко Беларусь ссайлау
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар