Placeholder
Фото: Lionel Bonaventure/Getty Images/AFP
AFP
Әлем18 қыркүйек 2024, 4:31

Meta "Россия сегодня" мен RT арналарына өз қолданбасын пайдалануға тыйым салды

Meta "Россия сегодня" мен RT арналарына өз қолданбасын пайдалануға тыйым салды. «Мұқият қарастырғаннан кейін біз ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа қарсы шараны кеңейттік», - делінген компанияның мәлімдемесінде, деп таратты Reuters. "Мета" ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа корпорацияның қосымшаларын пайдалануға тыйым салу шешімі олардың «шетелдік араласумен байланысты қызметі» себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қыркүйек айында АҚШ қаржы министрлігі «Россия сегодня» медиа тобына және оның бас директоры Дмитрий Киселевке, сондай-ақ RT телеарнасы мен оның бас редакторы Маргарита Симоньянға қарсы санкция салды.

Meta тыйым Россия сегодня RT арна

Тақырыпқа жаңалықтар