Мыңдаған немістер төлқұжатында жынысы туралы мәліметін өзгертуге ниетті
Фото: Jörg Carstensen/dpa/picture alliance
picture alliance
Әлем21 қазан 2024, 14:45

Мыңдаған немістер төлқұжатында жынысы туралы мәліметін өзгертуге ниетті

Мыңдаған немістер төлқұжатында жынысы туралы мәліметін өзгертуге ниетті. Германияда жынысың бен атыңды өзгерту үшін қарапайым өтініш жеткілікті болады - енді психиатрдың екі қорытындысы мен сот шешімі қажет емес. Заң 1 қарашадан бастап күшіне енеді, бірақ қызығушылық танытқандар 1 тамызда өтініш бере алады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жаңа заң «гендер» бағанында төрт нұсқаға рұқсат береді: «ер», «әйел», «көптүрлі» немесе «анықталмаған».

Жазба өзгертілгенде, алдыңғысы жойылады.

Германияның АХАЖ бөлімшелеріне мыңдаған адамдар хабарласты - Берлиннің 1000-ға жуық тұрғыны, сонымен қатар Лейпцигте 650 және Гамбургте 500-ге жуық, Кельнде 340-тан астам, Мюнхенде 300 адам.

Шағын қалаларға қызығушылық танытқандар да бар.

Германия үкіметі бұл жаңа мүмкіндікті жыл сайын шамамен 4000 адам пайдаланады деп күтуде.

Германия жынысын өзгерту төлқұжат немістер

Тақырыпқа жаңалықтар