Найзағай соққысынан 9 адам ажал құшты
Руанданың шығысында қатты найзағай төтенше жағдайға себеп болып, салдарынан 15 адам зардап шекті. Олардың тоғызы көз жұмған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға Руанданың шығыс провинциясында орналасқан Нгома аймағына қарасты Харама секторында болған.
Шығыс провинциясының губернаторы Пьюденс Рубингисаның айтуынша, қатты найзағайдан өздерінің бақшасындағы жұмыстан кейін жаңбырдан жасырынып тұрған фермерлер зардап шеккен. Жарақат алғандар жергілікті ауруханаға жеткізілген.
Барлығы 15 адамды найзағай соққан. Олардың тоғызы қаза тапқан.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, жер бедері мен табиғи ерекшеліктеріне байланысты Руанданың шығысы мен батысында найзағай соғу жағдайлары жиі кездеседі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: