Әлем28 маусым 2024, 8:51

НАТО Ресейдің Украинада үлкен жетістігін күтпейді

"Ресей армиясы биылғы жылдың басында және жазда тағы да шабуылға шығуға тырысты, бірақ әзірге аз ғана табыстарға қол жеткізді. Біз Ресей үлкен жетістіктерге жетуге қабілетті деуге негіз көріп тұрған жоқпыз", - деді альянс хатшысы Йенс Столтенберг, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол, сондай-ақ, Мәскеудің Украинаға қысымын арттыруды, оның ішінде әуе соққы жасауды жалғастыратынын айтты.

Сонымен бірге, Столтенберг Украина қарулы күштері қорғаныс ұрыстарында да, Ресей Федерациясының тереңіндегі нысаналарға соққы беру арқылы да майданды ұстап қана қоймай, агрессорға үлкен шығын келтіруге қабілетті екенін атап өтті.

Владимир Зеленский НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде болып, Столтенбергпен келіссөздер жүргізді.

Украина президенті шілдеде Вашингтонда өтетін альянс саммитіне шақырылды, бірақ жақын арада Украина оған қосылады деп күтуге болмайды: НАТО мүшелері бұл мәселеде әлі ортақ шешімге келген жоқ.

Столтенберг НАТО Ресей Украина

Тақырыпқа жаңалықтар