Путинмен кездесуден кейін Лукашенко өзін «агрессорлас» деп атады
Александр Лукашенко Украинаға қарсы соғыста бірлескен агрессор екенін мойындады. Бұл туралы ол журналистерге Владимир Путинмен кездесуінен кейін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Еске сала кетейік, 11-12 сәуірде Лукашенко Ресейде жұмыс сапарымен жүр.
Саясаткер сонымен бірге Беларусь үшін соғыс қимылдарын жүргізудің «қажет емес» екенін айтты.
Ол мұны қалай түсіндірді:
«Мен бір күні бұрын Ресейге қазір Беларуссия қажет екенін айттым: бейбіт, тыныш, байсалды, өзімен-өзі тірлігін жасап отырған. Біз не істеп жатқанымызды және т.б. егжей-тегжейлі айта бермеймін. «Бірлескен агрессорлар» екенімізді жасырмаймын. «Путин екеуміз расында агрессормыз», - деді Лукашенко.
Ол тағы да бейбіт келіссөздер тақырыбына тоқталды: оның пікірінше, бұл Украина үшін Ыстамбұл келісімдеріне қайта оралу үшін қолайлы сәт.